Работы по типам 2475 Все работы 3 Бизнес-план 398 Дипломные работы 4 Диссертации 333 Доклад/Баяндама 17 Дополнительный материал 3 Задачи 44 Контрольные работы 696 Курсовые работы 44 Мәнжазба / Реферат 11 Научно-исследовательская работа магистра СГА (НИРМ) 12 Научные статьи (Публикации) 25 Образцы нотариальных документов 95 Отчеты по практике 52 Презентации 325 Рефераты 2 Сочинения 188 Тесты 67 Шпаргалки 156 Эссе Реферат: Отандық философия - Скачать

Предмет: Философия Тип работы: Рефераты Количество страниц: 27 ...  Ұжданың келесі ұғымы - мейірім. Бұл – ізгілік, қайырым-шапағат, махаббат мағынасындағы, өте ертеден келе жатқан «Адам Адамға дос» мәнді гуманистік ұғымдардың бірі. Әділет пен Махаббат - барлық діндерде кездесетін, қарастырылатын ортақ мәселе. Өмір мен өлім барлық адамға бірдей, сондықтан ең керегі имандылық, мейірімділік.   Ұждан - ынсап.  Көшпелі өмір сүрген, қанағат қылып үйренген қазақ халқы ынсап пен ашкөздік, байлық пен дүниеқоңыздық, ұстамдылық пен қанағатсыздық мәселелеріне көп мән берген. Дәулет пен байлық ұғымдарының айырмашылығы бар. Дәулет - қашан да байлық, ал байлық үнемі дәулет бола бермейді. Байлықты жинай білсе, оны сараңдыққа ұрынбай жұмсай білсе және ең бастысы, адал жолмен тапса - ол дәулет. Білімді адам дәулетті байлықтан ажырата алады немесе байлықты дәулетке айналдыра алады. Ақылсыз – ынсаптың, жан байлығының құлы болмас. Осылайша Шәкәрім ынсап ұғымын Сократтағы ұстамдылық мағынасында қолданады, Шәкәрім түсінігінде тұрмыстағы ынсап ішкі рухани дүниедегі қанағаттан туады.   Шәкәрім Пушкиннің «Дубровский», «Метель», Шығыс әдебиетінен «Мәжнүн мен Ләйлә» - ні аударды. Коллективизация саясатына қатты ренжіді, сондықтан тауға кетіп, сонда тұрды. Бірде ауылға қайтып келе жатқанда Карасартов деген милиция бастығы оны атып кетті.           Семинар сабағының жоспары:   1.Дәстүрлік көзқарастар мен наным-сенімдердегі (шамандылық, тәңіршілдік, Жер-Су, Умайға табыну және т.б.) философиялық аспектілер.   2. Бұхар жырау, Шалкиіз, Дулати және Асан-Қайғының философиялық шығармалары мен көзқарастары.   3. Сопылық дәстүр және оның  қазақ философиясының қалыптасуындағы ролі.   4. ХІХ ғ. қазақ ағартушыларының философиялық көзқарастары. Ш. Уәліханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин.   5. ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. бірінші жартысындағы қоғамдық-саяси жазушылар мен ақындардың әлеуметтік – философиялық және этикалық-гумманистік көзқарастары (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердиев т.б.)   6. Қазақстандағы қазіргі замандағы философияның дамуының ерекшелігі мен негізгі ағымдары.       Әдістемелік ұсыныстар:   Қазақтың ең көне діни көзқарастарының  қарастырып, Тәңір, Жер-Су, Умайға табынулардың  басқа әлемдік діндерге әсерін талдау. Исламның келуі, ортағасырдағы қазақ жеріндегі ренессанс. Орыс еліне қосылуға байланысты әртүрлі бағытанулардың пайда болуы. Алашорда қайраткерлерінің көзқарастары.       Бақылау сұрақтары : 1. Қазақтардың көшпелі өмірі, тұрмысы және дәстүрінің  халықтың рухани дүниесі, ауызша шығармашылығы, бейнелі  ойлануда көрінуі. 2. Қазақ жеріндегі орта ғасырдағы көрнекті ойшылдар. 3. ХІХ ғ. қазақ ағартушылары (Ш.Уәліханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев). 4. ХХ ғ. басындағы қазақтардың қоғамдық –саяси және философиялық ойлары. 5. Алашорда қозғалысы, оның идеологтарының қазақ  мемлекеттілігі,  сот, мәдениет, білім және т.б. мәселелерге көзқарастары. 6. Зар заман ақындары мен ағартушы-демократтарды ажырата қарау (Дулат, Шортанбай, Мурат). 7. Алаш – орда қозғалысның тарихи маңызы неде. 8. Қазақ жеріндегі атақты ортағасырлық ойшылдар(Қорқыт-Ата, Жүсіп Баласағұн, Махұд Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи, Мухамед Хайдар Дулати, Асан Қайғы ). 9. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси, философиялық ойлар (Ш. Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров).   Баяндамалар мен рефераттар:                            

Абай. Қара сөз. Поэмалар. Книга слов. Поэмы. Ел, Алматы, 1993 Алтынсарин Ы. Мұсылмандық тұтқасы. Алматы, 1991 Байтұрсынов А. Ақжол. Алматы,1991 Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Алматы, 1989 Бөкейханов Ә. Таңдамалы. Алматы,1995 Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1994 Жумабаев М. Таңдамалары. Алматы, 1992