Работы по типам 2497 Все работы 3 Бизнес-план 398 Дипломные работы 4 Диссертации 337 Доклад/Баяндама 17 Дополнительный материал 3 Задачи 44 Контрольные работы 712 Курсовые работы 44 Мәнжазба / Реферат 11 Научно-исследовательская работа магистра СГА (НИРМ) 12 Научные статьи (Публикации) 25 Образцы нотариальных документов 95 Отчеты по практике 52 Презентации 327 Рефераты 2 Сочинения 188 Тесты 67 Шпаргалки 156 Эссе Реферат: Қазақ-жоңғар қатынасы - Скачать

  1. Жоңғар агрессиясының басталуы. Ор бұлақтағы қырғын шайқас. Цеван-Рабтанның жорығы. Қазақтар мен Аягөздің жеңіліске ұшырауы. Ұлы апат жылдары. Батурн мен Галдан Церонның жорықтары. Әбілхайырдың Орда басына қазақ жүздерін біріктіруі. Аңырақай шайқасы мен оның зардаптары. Қазақтардың атам замандағы жоңғарларға қарсы болған шайқастың нәтижесі. Жоңғарлармен болған шайқастардағы Абылайдың, билердің, батырлардың алған орны.    

  Дәл осы түс та Қазақ Ордасымен іргелес өңірде Жоңғар Ордасы да бой көтеріп, айбынды күшке айналып үлгерген. Ұлы дала экожүйесімен кіндіктес көшпенді өмір салты қалыптастырған Қазақ, Жоңғар Ордалары өздерін әлі де болса табиғаттың қарсыластары емес, табиғаттың бел баласындай сезінетін. Алайда, сол кездегі Қазақ, Жоңғар Ордаларының батысы мен шығысында аграрлық мәдениетін дәуірле тіп, технократтық дамуға тұяқ іліктіріп үлгерген елдер үшін көшпенді өмір салты жөй ғана анохранизм емес, олардың кең қарымды стратегиялық ындындарының жүзеге асуына әрі кедергі, әрі әлі де болса қауіпті күш еді.    

  Дегенмен, екі ғасырға созылған қазақ-жоңғар арасындағы қан қасап соғыс Жоңғар хандығының жойылуымен аяқталды. Ал, Қазақ хандығы болса жаралы арыстандай қансырап, әбден титықтаған. Жоңғар хандығы жойылғанымен, одан басқа да айналадан анталап, сұғын қадаған елдер аз емес еді. Шығыста азуы алты қарыс Қытай, оңтүстікте Бұхар, Хиуа, Қоқан, батысында Еділ қалмақтары мен башқұрттарды айдап салып отырған Ресей - бөрі де Қазақ хандығының әлсірегенін жақсы білетін және мұндай ұрымтал шақта қарпып та, қармап та қалуға дайын болатын.